Ата-аналар жиналысын ұтымды өткізудің он құпиясы
Ата-аналар жиналысы мектеп өмірінің ажырамас бір бөлігі. Оны қалай қызықты әрі жемісті етуге болады? Бұл жас сынып жетекшілерге өте пайдалы болуы мүмкін.
1.Ата-аналар жиналысын өткізуге қолайлы күн және сағатты таңдауға тырысыңыз, бұл уақытта өзіңіздің де, оқушыларыңыздың ата-аналарының да маңызды шаруылары, қызықты телехабарлар және т.б. болмасын.
2.Сыныпта ата-аналардың орналасуына көңіл аударыңыз. Мысалы, ата-аналар жиналысының қатысушыларын бірін-бірі көріп жақсы естулері үшін, үстелдер мен орындықтарды дөңгелете қоюға болады.
3.Ата-аналардың аты-жөндері жазылған есімхаттар дайындаңыз, әсіресе бірін-бірі әлі жақсы танымаса.
4.Ата-аналармен бірге жиналысқа қатысушылар үшін ережелер жасаңыз. Мысалы: сырт киімді шешу міндетті; мәселені талқылауда үнсіз қалуға болмайды; ұсынысты (пікірді) қайтарғанда, қарсы ұсыныс айту қажет; бірін тек қана аты-жөнімен немесе есімімен атау және т.б.
5.Жиналысқа шақырылған адамдардың уақытын үнемдеңіз. Осы мақсатта регламент бекітіп, сақталуын қадағалаңыз.
6.Ата-аналардың қарым-қатынасын ұйымдастыру үшін жиналыс барысында топтық ойындар қолдануға болады.
7.Ата-аналар жиналысындағы қарым-қатынастың еркін және ашық болуына бір кесе шай көмектесе алады.
8.Мәселені талқылаған кезде беделді ата-аналардың өмірлік және педагогикалық тәжірибесіне, ата-аналар комитеті және мектеп кеңесі мүшелерінің пікіріне сүйеніңіз.
9.Жиналыста нақты шешімдердің қабылдануына ұмтылыңыз.
Ата-аналар жиналысында сынып жетекшінің өзін-өзі ұстау тәртібі
1.Ата-аналармен кездесер алдында педагог өз бойындағы қорқынышын жеңуі тиіс.
2.Ата-анарды түсінуге; оларға маңызды мәселені дұрыс анықтауға тырысыңыз. Олардың көздерін мектеп пен отбасының мәселелері, міндеттері, балалары бір екеніне жеткізіңіз.
3.Ата-аналармен байыпты әрі жақсы сөйлесіңіз. Барлық оқушылардың – сәтті, қауіп тобындағы оқушылардың ата-аналары жиналыстан өз баласына сеніммен қайтуы маңызды.
4.Ата-аналар жиналысында жұмыстарыңыздың нәтижесінде ата-аналардың балаларын тәрбиелеуде Сіздің қолдауыңыз бен мектептің басқа мұғалімдерінің көмегіне сүйене алатынына сенімі болуы тиіс.