Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қысқы демалыс кезінде мектеп
оқушыларының сақтық шараларын сақтау туралы жаднама
Құрметті ата-аналар және мектеп оқушылары!
Қысқы демалыс кезінде 31 желтоқсан — 9 қаңтар аралығында қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:
— жолдың жүргінші бөлігінде өте сақ болыңыз, жол жүру ережелерін сақтаңыз.
— қоғамдық көлікке мінгенде немесе түскен кезде, аялдамаларда өте сақ болыңыз.
— жер көк тайғақ болса, жылдам жүрмеңіз, жаяу жүргіншілерді қуып жетпеңіз.
— мұз айдындарда, сырғанақ басында абай болыңыз, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
— ойын ережелерін сақтаңыз, қаршық ойыны кезінде оның бетіңіз бен басыңызға тиюінен қорғаныңыз.
— ғимарат бойымен жүрмеңіз — қардың немесе сүңгілердің құлауы мүмкін.
— су қоймалары маңында жүрсеңіз, мұз бетіне шықпаңыз. (мұз жарылып кетуі мүмкін)
— бенгал оттары, отшашулар, майшамдар, мақта және басқа да тез жанғыш заттар үлкендердің қадағалауымен арнайы бекітілген жерде ғана қолданылсын.

Балалардың пиротехникалық заттарды өз бетінше қолдануына тыйым салынсын!
— үйден қыдыруға шыққан кезде ата-анасын үнемі хабардар етіп отырсын
— үлкендерсіз кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүруге болмайды.

Құрметті ата-аналар!