Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Білім мекемесі ата-аналар кодексі

Білім мекемесі ата-аналары кодексі ата-ананың кәмелетке толмаған оқушы баланың заңды тұлғасы ретінде оның тәртібінің қалыптасуына оқу процесі мен оқытушыларға мектеп әкімшілігіне құрметпен қарауға және білім мекемесінде ыңғайлы және қауіпсіз жағдайдың орнауына ықпал етуі тиіс.

 ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

 Атаулы Білім мекемесі  А К  Қ.Р Конститутциясы міндеттемелерімен Қазақстан Республикасының 2007 ж 27 шілдедегі «Білім туралы» заңымен, 2015 ж 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы әрекет »заңымен, 2011 ж 26 желтоқсандағы № 518-IV «Неке және отбасы туралы» заңына, 2002 ж 8 тамыздағы № 345 Қазақстан Республикасы «Бала құқығы туралы» заңына сәйкестендіріліп жасалған.

 АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР:

 2.1. Жалпы білім беру мекемелерін және оқу формасын таңдауға негізгі орта білім алғанға дейін;

2.2. Білім беру мекемесі заңымен және білім процесін тиянақтайтын құжаттарымен танысуға;

2.3. Мектеп басқару ісіне қатысуға, қамқорлық кеңесіне жалпы мектеп ата-аналар комитетіне, сыныптағы және мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысуға және пікір айтуға;

2.4. Ата-аналар жиналысын жасауда уакытылы хабардар болуға, қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар қоғамдастығының білім мекемесінің әкімшілігімен кездесу жайында уақытылы хабардар болуға;

2.5. Білім мазмұнымен, қолданылатын оқу әдістемелігімен, тәрбие жұмыстарын оқыту технологияларымен және баласының оқу үлгерімі бағаларымен танысуына;

2.6. Білім беру мекемесінің аттестаттау қорытындысы бойынша үйде оқытылатын баланың мектепке оқуға ауысуына;

2.7. Оқушылар арасындағы, оқушы мен оқытушы, ата-ана мен оқытушы арасындағы келіспеушілік жағдайларды шешуге мектеп әкімшілігіне шағымдануына;

2.8. Қоғамдық құндылықтар негізінде балаға адамгершілік және Қазақстандық патриотттық тәрбие алуына ықпал етуіне;

2.9. Баласымен бірге тұрмайтын жағдайда егер заңға қайшылық етпесе және (физикалық, моральдық, психологиялық тұрғыда) зиян келтірмесе                    ата-аналар жиналысына қатысуына;

2.10. Педагогикалық кеңес отырысына кеңес беру құқығынсыз қатысуына, егер баласы жайлы мәселе туындаса;

2.11. Бала құқығының орындалуына талап қоюына;

2.12. Керек болған жағдайда алдын – ала мұғаліммен келісім бойынша кездесуге;

2.13. Ата-аналар жиналысында, қамқоршылық кеңесінде білім беру мекемесінің директорымен кездесу кезінде білім беру мекемесі тарапынан ұсыныс жасауға немесе кемшіліктерді айтуға;

2.14. Оқушыны жоспарлы түрде психологиялық, психолого – педагогикалық сараптамалардан өткізілетін жайында хабардар болуға, сараптамаға баланың қатысуына келісім беруіне немесе бірге қатысуға, сараптаманың өткізілуіне келіспеуге немесе сараптама өткізілген жағдайда оның қорытындысын білуге және хабардар болуына;

2.15. Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жекеленген санаттағы оқушылар мен тәрбиеленушілерге берілетін қосымша жеңілдіктермен уақытылы материалдық көмек көрсетілуіне  ықпал етуге;

    2.16. Психологиялық-медико-педагогикалық комиссияның сараптау жұмысына қатысуға, сараптау қортындысымен танысу барысында білім беру мекемесіне осы балаларды оқытуға және тәрбиеленуіне жасалған жағдайлары туралы пікірлерін айтуына;

2.17. Білім беру мекемесінің басқару жұмысына қатысуына (қамқорлықшылық кеңесі)

 

АТА-АНАЛАР МІНДЕТІ

3.1. Баласының құқығын қорғауға, қызығушылығын арттыруға, физиологиялық, психологиялық денсаулығына зиян келмеуіне, рухани дамуына тәрбиелеу барысында қаталдыққа, зорлық — зомбылыққа, адами құқығын бұзуға, кемсітуге, қорлауға жол берілмеуіне;

3.2. Баланың физиологиялық рухани адамгершілік және интеллектуалдық дамуының негізін қалыптастыруға;

3.3. Баламен өзімен бірдей қарым — қатынаста болуға, өзіндік іс-әрекетімен тәрбиелеуге;

3.4. Баланы бағыттау, кеңес беру арқылы өз пікірін қалыптастырып, дамытуға;

3.5. Баланың білім беру мекемесінен жалпы білім алуына ыңғайлы жағдай жасалуын қамтамасыз етуге;

3.6. Білім беру мекемесінің заңын орындауға;

3.7. Мұғалімнің кәсіби қызметіне қатысты ісіне араласуына мүмкіншілік  бермеуіне;

3.8. Қазақстан Республикасы заңының «Неке және отбасы» туралы                         70 бабына сәйкес ата-аналары баласының денсаулығына, тәрбиесіне, көңіл бөлу керек, қамқорлық жасауына физикалық, психикалық рухани адамгершілік жағынан дамуына жауапкершілікпен қарауына жағдай жасалуына;

3.9. Баланың дұрыс қалыптасуына қаржылық  мүмкіншілігіне қарай жағдай жасау;

3.10. Баланы оқу құралдарымен қамтамсыз ету, үйде баланың өміріне, дамуына, дем алуына мүмкіншілік жасау, оқу тапсырмаларын орындауға көмектесуге, мектеп киімін және заттарын түгендеп, мектепке шығарып салуға;

3.11. Сынып жетекшісінің немесе білім беру мекемесі әкімшілігінің шақыруымен ата-аналар жиналысына  қатысуға;

3.12. Баланың денсаулығына қарай өз қалауымен сыныптан, немесе мектептен тыс шараларға қатысуына рұқсат етуге;

3.13. Баланың денсаулығына байланысты созылмалы сырқаты бар екендігін, мүгедектігін, немесе сырқаттанып мектепке келмейтіндігі туралы мектеп әкімшілігіне хабардар  етуге;

3.14. Дәрігердің, мұғалімдердің полиция қызметкерлерінің,педагогикалық кеңестің,психолог-дәрігерлер комиссиясының, кәмелетке толмаған жасөспірімдер комиссиясының балаға қатысты талаптарын орындауға;

3.15. Мектеп қызметкерлерінің кәсібіне, қызметіне құрметпен қарап,мұғалімдермен тығыз байланыста болып, балаға біржақты (бірдей)талап қою білуге;

3.16. Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы қозғалыс» туралы заңының 23 бабына сәйкес, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ата-аналардан ақшалай қаржы жинауға тиым салынатындығы туралы.

АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ:

4.1. Ата-аналар (заңды қамқоршылар) баланың тәрбиесіне жалпыға бірдей білім беретін мекемеде білім алуына мүмкіндік жасауға;

4.2. Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес бала тәрбиесіндегі міндеттерді орындамаған жағдайда және баласына қатысты заңбұзушылық әрекет жасаған жағдайда ата-ана әкімшілік, құқықбұзушылықпен күрес қызметкерлерінің алдында жауап беруге міндетті;

4.3. Ата-анасы немесе заңды қамқоршысы 14 жасқа толмаған балаға жасалған заң бұзушылық пен зорлық-зомбылық әрекетіне қылмыстық жауапкершілікке тартылады;

4.4. Қамқоршылығына алған баланың тәрбиесіне көңіл аудармаса, назардан тыс қамқорлықсыз қалдырса немесе басқа да жеке өз мансабы үшін пайдаланған жағдайда қамқоршысы заң алдында жауап беруге міндетті;

4.5. Осы атаулы кодекстегі ереже бұзылса ата-аналар тарапынан қаралады. Қамқоршылық кеңестің отырысында қажет болған жағдайда – құқық қорғаушы өкілінің қатысуымен қаралады.