Ата-аналарды педагогикалық қолдау
БАҒДАРЛАМАСЫ
№ |
Тақырыбы |
Мазмұны |
1–4 CЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ |
||
1. |
Отбасы – бақыт бесігі
Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу |
1. Балалардың әл-ауқаты оның бақытты өмірінің негізі 2. Ата-ананың баланың әл-ауқатына жауапкершілігі 3. Кішкентай балалардың жас және әлеуметтік ерекшеліктері 4. Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас 5. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері |
2. |
Білімдіге дүние жарық.
Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?
|
1. Баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы 2. Баланың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін және мектепке бейімделуін диагностикалау 3. Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері 4. Үй тапсырмасы: көмектесеміз бе әлде… 5. Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеті |
3. |
Әрбір бала – жарық жұлдыз
Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз? |
1. Баланың ерік-жігері мен мінезін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу 2. Баланың оқуына, мінез-құлқына және жасауына қарым-қатынас жасауына темпераменттің әсері. Ауру қалса да, әдет қалмайды. 3. Баланың даралығын темпераментіне сәйкес қалай ашуға болады? 4. Әр баланың бірегейлігін ашудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеті. |
4. |
Баланы жастан… Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады? |
1. Ойындар – баланы дамытудың негізгі құралы. 2. Интеллектуалды ойындар және олардың бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны дамытуға әсері. 3. Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық интеллектуалдық ойындар. 4. Баланың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуда отбасы мен мектептің өзара әрекеті. |
5. |
Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай жеңуге болады? |
1. Компьютерлік ойындардың баланың психикасына әсері 2. Интернетті пайдалану режимін сақтау 3. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Баланы ойынға тәуелділіктен қалай қорғауға болады? 4. Компьютерлік ойындарға балама ретінде: спорт, белсенді ойындар, шығармашылық, оқу, серуендеу, театр және т.б. |
6. |
Сенім арту – жетістік кепілі
Қиын жағдайда баланы қалай қолдау керек? |
1. Бала өміріндегі қиындықтар 2. Агрессия, өтірік айту, ашулану және басқа қиын жағдайлардағы баланың сезімі. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала 3. Қиын жағдайға қалған балаға түсіністікпен қарау 4. Қиын жағдайға қалған баланы қолдаудың тиімді жолдары 5. Жағдайды шешуде баланың күшті жақтарына сүйену |
7. |
Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер
|
1. Отбасында уақытты бірге өткізудің пайдасы. 2. Ата-ананың күнделікті өмірде үлгі болатын маңызды қасиеттері. 3. Балаға жақсы әдеттерді үйрету. 4. Уәдесін орындау – ата-ананың ең басты қағидасы. 5. Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі. |
8. |
Тәліммен өрілген біздің дәстүр
Дәстүрлер отбасылық әл ауқаттың негізі ретінде |
1. Отбасылық дәстүрлердің өзектілігі. Отбасылық дәстүрлер – отбасындағы қарым-қатынасты нығайтудың, сенімнің, сүйіспеншіліктің көрінісі. 2. Тәрбие тәлімнен. Тату үйдің тамағы тәтті. Отбасылық дәстүрлер мен хоббилердің отбасының бірлігіне ықпалы. 3. Отбасылық дәстүрлерді әдетке айналдыру жолдарын үйрету: практикалық әдістер. 4. Мектеп пен ата-аналардың отбасылық дәстүрлерді сақтаудағы өзара байланысы, өзара құрмет және жаңа дәстүрлер қалыптастыру 5. Ұлттық дәстүрлер мен отбасылық дәстүрлердің сабақтастығы |
5–9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ |
||
1. |
Баланың бас ұстазы – ата-ана
Позитивті тәрбие |
1. Жасөспірімдердің жас және әлеуметтік ерекшеліктері. 2. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі міндеті – қателіктерді, кемшіліктерді, ауытқуларды түзету емес, жасөспірімге оң әсер ету. 3. Позитивті ата-ананың ерекшеліктері: жағымсыз көңіл-күйден жағымды эмоциялардың басым болуы; жасөспірімнің бойындағы ізгі қасиеттерге назар аудару, күшті және жағымды мінез-құлық қасиеттерін дамыту. 4. Позитивті тәрбиенің принциптері мен ережелері. Позитивті тәрбиенің ұлттық бастаулары. 5. Ата-ананың позитивті тәрбие нәтижесіне қанағаттануы және психологиялық саулық. |
2. |
Ақыл айтпа, жол көрсет
Жасөспірімнің бейімделуі |
1. Жасөспірімнің физиологиялық (тұрғыда) бейімделуі, оның іс-әрекетін жақсарту жағдайлары. Ұлттық тамақтану мәдениеті – жасөспірімнің физиологиялық бейімделуінің мүмкіндігі. 2. Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі: негізгі қиындықтар. 3. Өзіңді өзің сыйламасан, өзгеден сый дәметпе. Бейімделу процесіне жасөспірімнің өзін-өзі бағалауының әсері. 4. Жасөспірімнің отбасындағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту. 5. Жасөспірімнің табысты әлеуметтенуіндегі отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі. |
3. |
Балаға үйрету: ақылыңды мейірімге орап бер
|
1. Мүшел жас. Жасөспірімнің жастық дағдарыстары, олардың көріністерінен шығу жолдары. 2. Ата-аналар мен балалардың ортақ мүдделері – олардың өзара түсіністігінің негізі. 3. Жасөспіріммен қалай қарым-қатынас жасау керек, конструктивті келіссөздер. 4. Бір күндік ұрыстын қырық күндік қырсығы бар. Жанжал және оларды шешу жолдары. 5. Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты сақтаудың шарты – кешіре білу. |
4. |
Бұлақ көрсең, көзін аш. Тұлғаның бойындағы шығармашылықты дамыту
|
1. Отбасы жағдайында жасөспірімнің шығармашылық ойлауын дамыту әдістері. 2. Ертегі ойлап табуға үйрету. 3. Қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы. 4. Балалармен жүргізілетін шығармашылық әрекеттің тиімділігін арттыру. 5. Шығармашыл тұлғаны дамыту үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі. |
5. |
Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері.
Жасөспірімнің желідегі әрекеті |
1. Интернет және жасөспірімнің желідегі әрекетінің формалары. 2. Жеткіншектердің интернетті пайдалануы: проблемалар, салдары және мүмкіндіктері. 3. Ата-ананың жасөспірімді кибербуллингтен және интернет кеңістігіндегі қауіпті көздерден қорғау алгоритмі. 4. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер…» Желідегі жасөспірімнің мінез-құлқына тәрбиенің әсері. 5. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектеп пен ата-ананың өзара әрекеті. |
6. |
«Әр нәрсенің өлшемі бар…» «Қажеттілік» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады |
1.Жасөспірімнің қажеттіліктері мен қалаулары. 2. Жасөспірім бойындағы қиын мінез-құлықтың белгілері. 3. Жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмі. 4. Ашу – дұшпан, ақыл – дос. Өзін-өзі реттеу жолдары. 5. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. |
7. |
Жасөспірімдермен қарым—қатынас құпиялары
|
1.Жасөспірімнің өміріндегі ең маңызды нәрсе – достық. 2. Қазіргі балалардың достығы. Жасөспірім субмәдениеттері. 3. Жасөспірімдер арасындағы қақтығыстар. Қорқыту. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы. 4. Ата-аналардың мінез-құлық стратегиялары. 5. «Қабылдау», «құрметтеу», «шынайылық» сияқты ұлттық құндылықтар – адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынастың негізі. |
8. |
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Құндылықтар – отбасы бақытының негізі |
1. Отбасылық құндылықтарды қолданудың өзектілігі. 2. «Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес»: Қонақжайлылық – отбасы құндылықтарының негізі. 3. «Мейірімді ата – Мейірімді бала». Ұлттық құндылықтарды отбасында қалыптастыру және сақтау жолдары. 4. Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиеті – отбасының құндылығы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлерді талқылау және қолдану. 5. Жасөспірімдер арасында ұлттық құндылықтарды сақтауда мектеп пен ата-ананың өзара әрекетінің маңызы. |
10–11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ |
||
1. |
Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…
|
1. Жоғарғы сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері 2. Позитивті ата-ана тәрбиесі – жоғары сынып оқушысының өз болашағын өз бетінше құруға қалауы мен қабілетін қолдау 3. Тұлға дамуының негізі – өз бетінше әрекет ету 4. Ұлттық этика негізінде заман талабына сай өзін-өзі тәрбиелеу әдістері |
2. |
Көркем мінез – баға жетпес байлық
|
1. Эмоционалды интеллект және оның адам өміріне әсері 2. Эмоционалды интеллекттің құрылымдық компоненттері: өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, эмпатия, қарым-қатынас жасау, (шешім қабылдау) 3. Күйзеліс кезіндегі мінез-құлық алгоритмдері мен тиімді тәсілдер 4. Өсіп келе жатқан балалармен қарым-қатынас мәдениеті 5. Сезім көрінісіндегі ұлттық ерекшеліктер |
3. |
Сен жанбасаң лапылдап…
|
1. Кәсіп – өзін-өзі жүзеге асырудың негізі 2. Темперамент, қабілет, мінездің ерекшеліктерін ашу – өзін көрсетудің кілті 3. Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады. Балаңызға мамандық пен кәсіп түрлерін таңдауда қалай көмектесуге болады 4. Жоғары сынып оқушысының болашағын анықтауына кедергі болатын қиындықтар 5. Бойыңдағы бейімділікті дәл табу – өмірдегі бақыт пен табыстың негізі |
4. |
Құмарлыққа бой алдыру – тәуелділік құрдымы
|
1. Тәуелділік түрлері (тамақ, алкоголь, есірткі, химиялық заттар, вейп, құмар ойындар және т.б.) 2. Оқушы бойындағы тәуелділіктің белгілері 3. Сынықтан өзгенің бәрі жұғады. Тәуелділіктің алдын алу шаралары 4. Тәуелділіктің алдын алуда отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі |
5. |
Жақсыдан қашпа, жаманға баспа…
|
1. Жоғарғы сынып оқушыларыныңы интернет қауіпсіздігі 2. Жоғарғы сынып оқушыларының ойынға тәуелділігін диагностикалау 3. Жоғарғы сынып оқушыларының әлеуметтік желілер мен интернетке тәуелді мінез-құлқы 4. Интернетке тәуелділіктің алдын алу шаралары 5. Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіне тәуелділіктің алдын алу бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекеті |
6. |
Күйзелістен шығар жол
|
1. Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны. Сіздің ресурстық жағдайыңызды қалай қолдауға болады. Стресстен арылу әдістері 2. Эмоцияны бақылау – стрестен, күйзелістен шығудың жолы 3. Агрессия, депрессия, суицидтік мінез-құлық және стресстің басқа да экстремалды көріністері 4. Қателесу – тәжірибе жинауға мүмкіндік береді 5. Баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етудегі мектеп пен отбасының өзара әрекеті |
7. |
Сүйіспеншілік – сыйластық кілті
|
1. Махаббат – отбасындағы эмоционалды тепе-теңдіктің негізі. 2. «Айналайын» ұғымы, отбасында балаға жан-жақты қолдау көрсету 3. Эмоцияны білдірудегі шынайылық. Эмоционалды манипуляция. 4. Жоғары сынып оқушысымен «арнайы» тақырыптарда қалай сөйлесуге болады |
8. |
Атадан өсиет, анадан қасиет
|
1. Халық дәстүрі мен отбасы дәстүрінің байланысы. Ұрпақтар сабақтастығы алдыңғы ұрпақтан жастарға білім, құндылықтар, көзқарастар мен дәстүрлердің берілуі 2. Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар. Әке мен ананың отбасындағы рөлі 3. Отбасы тәрбиесінде міндетті түрде ескерілетін мәселе – қазіргі балалардың даму ерекшеліктері 4. Қазіргі құбылмалы қоғамда отбасылық дәстүрлерді сақтау |
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми-әдістемелік Кеңесі
2023 жылғы 15 тамыз
№ 4 хаттамасымен бекітілді
Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша
әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді (бұдан әрі – ата-аналар) педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында әзірленді.
- Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
2-тарау. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдауды ұйымдастыру тәртібі
- Орта білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті ұйымдастыру Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығымен (бұдан әрі – Орталық) келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
1) орта білім беру ұйымы басшының балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарға педагогикалық қолдауды ұйымдастыру бұйрығын шығару;
2) Орталық қызметін ұйымдастыруды басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары жүзеге асырады, ол:
— мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
— сынып жетекшілерінің, педагог-психологтердің, әлеуметтік педагогтердің және қосымша білім педагогтерінің мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін іске асыру және мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша қызметтерін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
— мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін жоспарлау кезінде осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшада баяндалған ата-аналарға арналған сабақтардың ұсынылатын бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) басшылыққа алады, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
— ұсынылатын бағдарламаға сәйкес оқу жылына арналған сабақ кестесін құрады.
3) ата-аналарға арналған педагогикалық қолдауды «Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен сынып жетекшілері, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, қосымша білім педагогтері жүзеге асырады;
4) ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып, ұсынылатын бағдарламаның 30 % — на дейінгі көлемде сабақтардың тақырыптарын өз бетінше айқындауға жол беріледі;
5) ата-аналарға арналған сабақтар бағдарламасына зорлық-зомбылықты, жыныстық бұрмалануларды, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бұзатын өзге де құбылыстарды насихаттауға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған тақырыптарды енгізуге жол берілмейді.
- Орталық қызметін іс жүзінде іске асыру үшін білім беру ұйымдарына мыналар ұсынылады:
1) сауалнама арқылы ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша олардың қажеттіліктерін зерделеу;
2) ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі жұмыс туралы хабардар ету, сабаққа қатысушылардың тізімін жасау;
3) ата-аналарды қолдауды жүзеге асыратын педагогтерді оқытуды ұйымдастыру;
4) ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс қа мониторинг жүргізу;
5) ата-аналардың педагогикалық қолдауға қанағаттану деңгейін анықтау бойынша жылына бір рет сауалнама жүргізу;
6) бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде өткізілетін іс-шараларды жария ету.
6) қорытынды іс-шараларды ұйымдастыру.
- Интернет-ресурс болған жағдайда орта білім беру ұйымдарына «ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» бөлімін құру ұсынылады, онда:
1) ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі жұмыс туралы ақпарат;
2) сабақ кестесі;
3) ата-аналарға көмектесетін әдістемелік материал;
4) «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» цифрлық платформасына сілтеме орналастырылады.
3-тарау. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдаудың мазмұны, сабақтардың және әлеуметтік серіктестіктің түрлері
- Сабақтардың (басқа да іс-шаралардың) мазмұны орта білім ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың әл-ауқатты контексіндегі ұлттық құндылықтарға негізделеді.
- Педагогикалық қолдау 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған бағдарламаларды таңдауына сәйкес жүзеге асыру ұсынылады.
- Ата-аналарға бағыт беру, кездесулер, сабақтар бағдарламасының мазмұнымен таныстыру 15 қыркүйекке дейін өткізіледі.
- Педагогикалық қолдау бағдарламасы жылына сегіз сабақты қамтиды.
- Сабақтар әртүрлі әдіс-тәсілдерді (семинар-практикумдер, тренингтер, іскерлік ойындар, пікірталастар, талқылаулар және т.б.), оның ішінде цифрлық ресурстарды қолдана отырып, онлайн және офлайн режимде өткізілуі мүмкін.
- Ата-аналарды педагогикалық қолдау үшін қосымша басқа да іс-шаралар ұсынылады: «Даналық мектебі» клубы, ата-аналар оқулары, конференциялар, ашық есік күндері, ата-аналар апталығы, ата-аналар мен балалардың қатысуымен мәдени іс-шаралар, мысалы, концерттер, театр қойылымдары, марафондар, жәрмеңкелер, көрмелер, жорықтар, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар мен акциялар.
- Ата-аналарды қолдау және өзара іс-қимыл жасау үшін Орталық цифрлық платформасы пайдалану ұсынылады, онда бөлімдер бойынша тақырыптық ақпарат: курс бағдарламалары, бейне дәрістер, бейне ұсынымдар, бейне жағдайлар, сұхбаттар, тақырыптық вебинарлар, ресурстардың электрондық каталогы, психологтың кеңестері, тестілер, сауалнамалар, жадынамалар, нұсқаулықтар, чек-парақтар, постерлер және басқалар қамтылады.
4-тарау. Орталықтың қызметін үйлестіру
- Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларына ұсынылады:
1) ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша қызметті үйлестіру;
2) орта білім беру ұйымдарында Орталықтың қызметін ұйымдастыруға жауапты маманды тағайындау;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқармаларының, оқу-әдістемелік орталықтар, орта білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
4) ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметке мониторинг жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беру;
6) бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті жариялау.
- Аудандық, қалалық білім бөлімдеріне ұсынылады:
1) орта білім беру ұйымдарына Орталықтың қызметін ұйымдастыруға ықпал ету;
2) білім беру ұйымдарында Орталықтың қызметін ұйымдастыруға жауапты маманды тағайындау;
3) облыстық білім басқармаларына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты ұсыну;
4) бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі қызметті жариялау.