Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
2024 жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласы әкімдігінің Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде Сауле Досжанның «Ауылдан келген миллионер» шығармасына арналған оқырмандар конференциясы өтті. Бұл іс-шара «ОҚУ TIME» жобасының шеңберінде ұйымдастырылып, қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) мұғалімдерінің бірлесе жұмыс істеуіне, шығармашылық қабілеттерін арттыруына және оқыту әдістемесін жетілдіруіне  бағытталды.
Іс-шараның мақсаты:
. Сауле Досжанның «Ауылдан келген миллионер» шығармасының мазмұнын талдау арқылы мұғалімдердің ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сатекова Айгуль Тлешовнаның сөзімен басталып, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Жанар Муслимовна Кайркенованың және осы жобаны бастаушысы Гүлжазира Бекболатқызының сөзімен жалғасты.
   Сондай-ақ ,«Кітап – бала тәрбиесіне берілетін қуатты құндылық»  тақырыбында кітап таратушы блогер Айнұр Бұлақбай  сөз сөйледі.
Мектебіміздің жас мамандары төмендегідей бағытта шығармашылық тапсырмалар дайындады.
   — «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – қатысушылар арасында шығармашылық жарыс.
   — «Бірге ойланайық» – пікір алмасу және талдау.
   — «Қай сәт?» – шығармадан алынған үзінділер бойынша сұрақ-жауап.
   — «Менің қиялымның әлемі» – қатысушылардың қиялы мен идеяларын дамыту.
   — «Бизнес-жоспар» – шығармадан шабыттанып кәсіпкерлік идеялар ұсыну.
Кері байланыс “Padlet” платформасы арқылы жүзеге асты.
Оқу Time жобасы арқылы тәжірибе бөлісу – әрбір қатысушы үшін үлкен мүмкіндік.