Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Елордада ақын-жазушыларға арналған көрме-мұражай бұрышы ашылды

24 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен олардың шығармашылығына арналған көрме-мұражай бұрышы ашылды.
Елордадағы Ұлттық музейде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қазақ поэзиясының классигі Мұқағали Мақатаеватың 90 жылдығына арналған «Поэзия алыбы – Мұқағали Мақатаев» атты дөңгелек үстел өтті. Содан соң,
«РУХТЫ ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ» Әдеби мұражайының ашылу салтанаты болды.
Аталған мұражайға Төлеген Айбергенов мектебіндегі ақынның мемориалдық мұражайынан да экспонаттар қойылып көрмеге қатысты.
Көрме-мұражай бұрышы 2 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған кітап түріндегі инсталляция қойылған және оған «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай поэзия пайғамбары» деп жазылған.
Екінші бөлім «Рухты қалам қайраткерлері» деп аталады, ол қазақ әдебиеті қайраткерлерінің шығармашылығына арналған.
Ол жерде ақын Абай Құнанбаев, Сәбит Мұқанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев, Мырзатай Жолдасбеков, Шерхан Мұртаза, Хамит Ерғалиев, Тұрсынбек Кәкішев, Дүкенбай Досжан, Қадыр Мырза Әли, Нұрғожа Ораз, Қажымұқан Мұхамбетқалиев, Оралхан Бөкей, Төлеген Айбергенов, Ақұштап Бақтыгереева, Ханбибі Есенғарақызы т.б. қазақ жазушыларының шығармалары орын алған.
Сонымен қатар, көрмеге аталған тұлғалар қолданған жеке және тұрмыстық заттар, қолжазбалары, фотосуреттер, құжаттар, кітаптар мен журналдар қойылған.
Одан бөлек, көпшілік қауымға қазақ әдебиеті қайраткерлеріне қатысты тарихи және деректі құжаттар, олардың қолтаңбалары мен шығармаларының алғашқы жарияланған нұсқалары ұсынылған.



Просмотров: 291

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год