Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


"Аманат" тақырыбында мектепішілік турнир

Төрешілер:
1. Самбодан спорт шебері Биғашев Ғалымжан Жумашулы
2. Кульбаев Серикжан Туреханович, "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының АӘТД пәнінің әдіскері.
3. Молдатаев Ғалым Қалданбекұлы- №16 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Турнирді дайындаған және өткізген АӘД пәні мұғалімі –
Абдрахманов Ермек Зейнуллаевич.
Турнирге жалпы 55 оқушы қатысып 5 түрден күш сынасты.
1. Кермеге тартылу.
2. Тіреуде жатып қолды бүгіп,жазу.
3. Тіреуде жатып секіру және кері тірекке отыру.
4. Арқада жатып денені көтеру.
5. Қол ұшымен басын ұстап, тізерлей отырып, аяқтарды ауыстыра жоғары секіру.
Барлық оқушылар өз күштерін сынауға үлкен дайындықпен келген.
Төрешілер нағыз үздіктерді таңдап, саралай келе нәтижесі төмендегідей болды.
1. Кермеге тартылу
1-орын Четвериков Степан 9 «Б» -сынып оқушысы
2- орын Сидяченко Алексей 9 «Е»- сынып оқушысы
3 -орын Хусанов Ерлан 10 «А»- сынып оқушысы
2. Тіреуде жатып қолды бүгіп, жазу
1-орын Преображенский Сергей 11 «В» -сынып оқушысы
2- орын Мамедов Расул 11 «Б»- сынып оқушысы
3 -орын Чаушев Алим 9 «Г»- сынып оқушысы
3. Тіреуде жатып секіру және кері тірекке отыру
1-орын Болатбек Бекжан 9 «А"-сынып оқушысы
2- орын Смантай Мұхаммед 9 «А»- сынып оқушысы
3 -орын Сағындықов Ерасыл 10 «А»- сынып оқушысы
4. Арқада жатып денені көтеру
1-орын Преображенская Анастасия 9 «Б»-сынып оқушысы
2- орын Марюхина Доминика 9 «Е»- сынып оқушысы
3-орын Әбілхан Әмина 9 «А»- сынып оқушысы
5. Қол ұшымен басын ұстап, тізерлей отырып, аяқтарды ауыстыра жоғары секіру
1-орын Мухитбеков Руслан 11 «В "-сынып оқушысы
2- орын Шүкен Әділет 9 «А»- сынып оқушысы
3 -орын Жуниспек Олжас 9 «А»- сынып оқушысы
Турнир жеңімпаздары І,ІІ,ІІ дәрежелі Дипломдар мен «Төлеген Айбергеновке- 85 жыл» деп арнайы жазылған медальдарға ие болды.
Барлық қатысушылар белсенді қатысқаны үшін арнайы дипломдармен марапатталды.
Төлеген Айбергеновтің мемориалдық мұражайына осы іс-шарадан ескерткіш ретінде арнайы жазылған кубок пен естелік медаль тарту етілді.
Турнирдің жабылу рәсімінде Төлеген Айбергеновтің сөзіне жазылған Роза Әлқожаның «Атамекен» әні, мектебіміздің Гимні орындалды.
Тәуелсіз елдің ұландарын бүгінгі өзгермелі қоғамға бейім, жан-жақты тұлға етіп қалыптастыру үшін осындай іш-шаралардың маңызы зор. Бүгінгі турнир спортқа қызығушылығы басым жас өрендердің келешегіне даңғыл жол салуына сеп болмақ.


Просмотров: 268

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год