Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

 


Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения
"Средняя школа № 16 имени Толегена Айбергенова" акимата города Астана
г. Астана ул. Кенесары, 81 


  
                                                                                       

8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

Школьный инспектор
капитан полиции
Калиакпарова Гульмира Тлеугабыловна

тел 8 7774590008
 

"Бір тойым болатыны сөзсіз менің..." атты ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау байқауы

Байқау қатысушыларына "Руханият" КММ -нің басшысы Сапарғалиев Мейрамғазы Көпбайұлы, #16 орта мектептің директоры Айтмұхаметова Балжан Қаиртайқызы ақ жол тілеп, іс-шара ашылды.
Байқаудың мақсаты: қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі Төлеген Айбергеновтің өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Байқауға аудандық мектептер қатысып, бақ сынасты. Ақынның біршама өлеңдері орындалды.
Байқаудың нәтижесінде қатысушылар жүлделі орындар мен алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар жүлдегерлерге планшет, смарт сағат, электронды оқулық, ноутбук сияқты сыйлықтар сыйға берілді.
Байқауда 3-ші дәрежелі дипломмен:
1.Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары Құлажан Қарақат, Махсутқанова Айғаным;
2.№27 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы: Даринова Мөлдір;
3.Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушысы Мұстафа Сафа Айгерім марапатталды.
2-ші дәрежелі дипломмен:
1.Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Ерсайын Ерсұлтан;
2.№8 мектеп-лицейінің оқушысы Олжабай Жанболат марапатталды.
1-ші орынға ие болған:
№10 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Биржанова Аделя.
"Бас жүлде" иегерлері - Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің оқушылары: Амангелді Мансұр, Нұрғали Аида, Шестопалов Кирилл.
Жас өрендерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Осы орайда мектебіміздің талантты оқушылары да өз өнерін ортаға салды. Әсем әнмен қалықтаған іс-шара әр қатысушы мен көрерменнің жүрегіне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Төлеген жырларының шоқтығы биік, ұлыларын ұлықтайтын ұрпақ барда ақынның аты мәңгі өшпейді!



Просмотров: 270

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Полезные ссылки

г. АСТАНА 2023 год, Средняя школа №16 им.Т. Айбергенова
ул. Кенесары, 81 тел. 8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год