Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

Средняя школа №16
им.Т. Айбергенова
г. Нур-Султан ул. Кенесары, 81                                                                                                           

8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru
Виртуальная школа

Айтмухаметова  Балжан Каиртаевна
контактный номер: 87759993707

 

Школьный инспектор
капитан полиции
Калиакпарова Гульмира Тлеугабыловна

тел 8 7774590008
 

Төлеген Айбергеновтің туғанына 85 жылдық мерейтойына арналған «Атамекен» тақырыбындағы салтанатты іс-шара

«Мен де өзімше жаратылыс сияқтымын бөлек бір,
Көзім жұлдыз, ал маңдайым тау шыңындай ерек тұр,
Жүрегім-күн, ойым-өзен күмбір-күмбір тасыған,
Сол өзенді мен күніге мың тасытып, басылам.»–деп жырлаған Төлеген ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
2022 жылдың 4 наурыз күні мектебімізде ұлы тұлғаларды ұлықтау, өскелең ұрпақты халықтың рухани мұрасына тарту мақсатында ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің 85 жылдығына орай ашық іс-шара болып өтті.
Бұл іс-шараға қатысқандар:
1. Нарымбаев Ерсайын Бәриұлы -«Еңбек ардагері», «Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің үздігі», «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері», сазгер, Төлегентанушы.
2. Сүлейменов Оспан Сүлейменұлы- ақын, сазгер, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Есіл ауданының биі, Төлегентанушы.
5. Нұрқанова Қазына Сәдуақасқызы- қазақ теле-радиосының ардагері.
6. Ермекбаева Майра Аманбекқызы- Ұлттық музей орталығының Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің қызметкері.
7. Таңжарық Бердіқұлұлы ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасының мәдени ұйымдастырушысы.
8. Смағұлов Бекзат Болатханұлы- ҚР-ның Дарын жастар сыйлығының иегері, ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкері.
Ең алдымен мектебіміздегі ақынның музейінде келген қонақтармен таныстырылым жүргізіліп ақынның өмір жолы, шығармашылы туралы таныстырылым болып, естеліктер айтылды.
Мерекелік кешті мектебіміздің директоры Айтмухаметова Балжан Қаиртайқызы ашып берді.
Биылғы оқу жылындағы барлық іс-шараны Төлеген Айбергеновтің 85 жылдығына арнап өткізілді. Барлық өткізілген жұмыстар бойынша жұмыстар бойынша бейнежазба көрсетілді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейде қазақтың көрнекті ақын-жазушылары мен олардың шығармашылығына арналған көрме-мұражай бұрышы ашылды. «РУХТЫ ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ» Әдеби мұражайына мектебіміздегі Төлеген Айбергеновтің мұражайы да қатысты. «Аманат» тақырыбында спорттық мектеп оқушылары арасында турнир, Тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өмірге саяхат» тақырыбында 8-сынып оқушылары арасында квест өткізілді. «Сағыныштан жаралған ақын» тақырыбында орыс ,қазақ, ағылшын тілдерінде оқушылар эссе жазды.
«Айбергеновтің ақындық әлемі» тақырыбында сынып сағаттары, «Арман сапары» тақырыбында Музей апталығы, «Бақшаға саяхат» тақырыбында жас суретшілер көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп музейінің «Ең үздік экскурсовод» сайысы өтті. Төлеген Айбергеновтің өлеңдеріне жазылған «Бір тойым болатыны сөзсіз менің...» атты мектепішілік ән байқауы өтті. Батыс Қазақстан облыстық туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен «Өлкетану және мектеп музейі қызметінің заманауи үрдістері» тақырыбында өткен вебинарға Төлеген Айбергенов музейінің жетекшісі Жусипова Гаухар Жетебайқызы қатысты.
Төлеген Айбергеновтің мемориалдық музейі Республикалық
Абай ТВ арнасының «Жәдігер» бағдарламасына түсірілді. «Астана ақшамы» республикалық газетіне Мектеп оқушыларының шығармашылығы мен мектеп музейінің жұмыстары туралы мақала жарияланды. Төлеген Айбергеновтің өлеңдеріне жазылған «Бір тойым болатыны сөзсіз менің...» атты мектепішілік, аудандық ән байқауы өтті. «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай...» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы, «Менің халқым қашаннан ұлы болған» ғылыми жоба байқауы өткізілді.Бүгінгі жжиын сол барлық жұмыстың қорытындысы болды.
Мектебіміздің өнерлі оқушылары ақынның сөзіне жазылған 6 «Д»- сынып оқушысы Тюканова София мен 9 «З» сынып оқушысы Нурмагамбет Айым «Ақерке-Ақжайық», Айдымбекова Карина, Матофеенко Ксения, Котелевская Алена – 8 «А» сынып оқушылары – «Ақ қайыңдар», 6 «А» сынып оқушысы Семсерхан Али - «Мені ойла» әндерін нақышына келтіріп орындады.
Төлеген лирикасының ең басты қаһарманы - сағыныш. Сол сағынышының бірі туған жерге сағыныш, ол өзінің туған жерге деген сағынышынын «Атамекен» өлеңімен жеткізеді.
Төлеген Айбергеновтің сөзіне жазылған «Атамекен» әні мектебіміздің Гимніне айналғалы міне 5 жыл толып отыр. Әнші оқушыларымыз Шестопалов Кирилл, Амангелді Мансұр, Нұрғали Аида 6-сынып оқушылары – «Атамекен» әнін барлық қатысушылармен бірге орындап, ақынның мерей жасына арналған кеш осылай аяқталды.
Төлеген Айбергенов – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Арамызда ақын жоқ, бірақ жыры, шығармалары қалды, жыр сүйгіш ұрпақтары қалды.
Нағыз поэзия иесінің том-том кітаптарының қалыңдығымен немесе санының көптігімен бағаланбайды. Ұрпақ жаңарған сайын ақынға деген тағзым да қайталанады. Өйткені Төлеген Айбергеновтің жалын жырлары біздің дәуіріміздің шындығындай, арыны асау армандарға бастап, болашақпен жалғаса береді.


Просмотров: 70

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Полезные ссылки

г. Нур-Султан 2020 год, Средняя школа №16 им.Т. Айбергенова
ул. Кенесары, 81 тел. 8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год