Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


«Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және жаңа қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Л.Н.Гумиев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2022 жылы 5 қыркүйекте «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және жаңа қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты: Жаңа Қазақстанның мемлекетшіл-идеологиялық, ғылыми-интеллектуалдық, мәдени-танымдық ізденісін, тәжірибесін, әлеуетін танымалдандыру орайында Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын жаңаша зерттеп-зерделеу. Аса көрнекті тіл білімі мен әдебиеттану көшбасшысының ғылыми қағидаттарын, тұжырымдамаларын білім, мәдениет т.б. бағыттарда салаландыру. Ахметтанушылардың жаңа буынын қалыптастыруға септесу. Жоғары және орта мектептің А.Байтұрсынұлы мұрасын оқу және тәрбие үдерісінде пайдалануға байланысты тәжірибесін талқылау және озық тәжірибелерді насихаттау.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, PhD Саясат Нұрбек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, «Художественная литература» баспасының директоры, жазушы Георгий Пряхин (Ресей Федерациясы, Мәскеу) және Америка, Түркия, Польша, Түрікменстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, Қырғызстан т.б. елдердің ғалымдары баяндама жасайды.

Бағдарламада бас ғимараттағы «Күлтегін» атриумы ЕҰУ музейлері мен атриумдарын, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасына арналған көрмені тамашалау қарастырылған және Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан шыққан академик Е.Б.Сыдықовтың «Ахмет Байтурсынов – учитель нации» атты кітабының тұсаукесері; ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Ахмет Байтұрсынұлы мен Алаш зиялылары туралы жаңа мұрағат деректері» атты таныстырылымы өткізіледі.



Просмотров: 105

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год