Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған«Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынов » атты дөңгелек үстел

Тілдер апталығы аясында қыркүйек айының 14 жұлдызында «Төлеген Айбергенов»атындағы №16 орта мектебінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған«Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынов » атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты : Қоғам қайраткері, ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру; өз Отанының патриоты, жас ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосқан нағыз қазақ азаматын үлгі ету.
«Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынов » атты тақырыпта өткізілген дөңгелек үстелдің жоспары төмендегідей болды:
1.Ахмет Байтұрсынұлы-ұлы ұстаз.
2.Қаламгердің шығармашылығы.
3.Ахмет Байтұрсынов және Алаш партиясы.
Дөңгелек үстел барысында А.Байтұрсыновтың әдебиеттегі саяси-қоғамдық жұмыстары мен ағартушылық жолы, аударма, әдебиет, поэзия әлемі талқыланды, өмір жолынан бейне ролик көрсетілді, сұрақтарға жауап берілді.Оқушылар өз талаптарынан А.Байтұрсыновтың шығармашылығы жайында ой бөлісіп, түрлі пікірлермен алмасты. «Мұхтар Әуезов» кітапхананың ғылыми қызметкері,кітапханашы Алдабергенова Панар Қартықызы А. Байтұрсыновтың шығармашылығымен таныстырып, ағартушының басқа қырларын зерттеуге қызығушылық танытты. Дөңгелек үстел барысында Ахмет Байтұрсынов жайында тың деректер айтылды.Тарих пәні мұғалімі Канлыбаева Жазира Ибрайымовна «Ахмет Байтұрсыновтың және Алаш партиясы»жайында өзінің қызықты,мазмұнды баяндамасымен ой бөлісті.
5«А»- сынып оқушылары А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан, һәм шаян!»атты сахналанған көрініс қойып,мектеп оқушыларын халық ауыз әдебиеті әлемімен қызықтыра түсті.«Білімді мыңды жығады» кезеңінде оқушылар өздерінің білімдерін сынға салды. Бұл кезеңде оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп,ұлы ақын жайында қызығушылықтарын танытты. Шараны қорытындылау сөзі оқу ісінің орынбасары Гаухар Жетібаевнаға берілді. «Ұлы Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің міндетіміз!»деп,қатысқан оқушыларға,дөңгелек үстелді ұйымдастырған қазақ тілі пәні мұғалімі А.Р.Шакеноваға алғысын білдірді.
Түйіндей келе, бұл шаралар осы мерекемен ғана шектеліп қалмай, әрі қарай өз жалғасын табады деп ойлаймыз.


Просмотров: 96

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год