Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Төлеген Айбергенов атындағы
№16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81

8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


виртуалды мектеп

 
Директор
Азимханова Сауле Мыншаловна
Қабылдау уақыты: 
Бейсенбі
сағат 10.00-12.00

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Мемлекеттік лицензия






«E-Learning» - Электрондық оқыту жүйесі

Электрондық оқыту жүйесін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарын жүктеу

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында « 2015 жылға дейін білім беру ұйымдарының 50 пайызы электрондық оқытуды қолданады, ал 2020 жылға ол 90 пайызға дейін өседі»- деген.

Елбасының алдына қойған мақсат – міндеттері Қазақстан Республикасында білім   беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік   бағдарламасында көрсетілген.

2011 жылы Астана, Алматы және Қарағанды облысының 44 білім беру ұйымында «E-learning» электрондық оқыту жүйесі пилоттық жобасы енгізілді.

Электрондық оқыту жүйесін енгізудің ең басты мақсаты: « ... білім   беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздіксіз білім   беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету»- болып табылады. Бұл білім сапасының артуына, білім беру үдерісін басқару тиімділігіне, сыртқы ортамен ақпарат алмасу мүмкіндігіне әкеледі.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011- 2020 мемлекеттік бағдарламасының қызметін іске асыру барысында, электрондық оқыту жүйесіне қатысты өзгерістер мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа өзгерістермен толықтырулар енгізілді.

«E-learning»  жоба бойынша портал жұмыс атқарылып отыр, e.edu.kz. Төлеген Айбергенов атындағы  №16 орта мектебі  «E-learning» электрондық оқыту жүйесі  2011 жылдан бастап іске қосылды. Осы уақыттан бастап пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі электрондық оқыту жүйесінде жұмыс істеу әдісін үйренді.

 

Осы жоба бойынша

Төлеген Айбергенов атындағы орта мектеп компьютермен толықтай жабдықталды оның ішінде:

40 – моноблок;

15 –ноутбук;

20- планшет;

30 – компьютер.

 

Қазақстан мектептеріндегі электрондық оқыту, бұл:

  • Мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орны (электрондық журнал, күнделік, жоспарлау, электрондық мұғалімдер бөлмесі, ата- аналарға арналған SMS хабарлама;
  • Әр ұстаз және оқышының тікелей байланыста әлемнің ең үздік білім ресурстарына кез –келген уақытта қолжетімділігі;
  • Сандық білім ресурстары: электрондық кітапхана, портал және т.б. (электрондық оқулықтар, ойындар, виртуальдық тренажер, зертхана);
  • Автоматтандырылған басқару жүйесі;
  • Қажетті алғашқы ақпараттарды автоматты жинақтау;

2013-2014 оқу жылында «E-learning» бағдарламасындағы жаңа бір кезеңге өттік. Бұл электрондық журнал, жоспарлау, сандық білім ресурстарын (электрондық оқулықтар, ойындар, виртуальдық тренажерлар, зертханалар, тесттар) қолданудан басқа, ата- аналарға SMS хабарлама жіберу жұмыстары басталды.  Электрондық пошта арқылы жіберілетін тегін хабарламалар сілтемесіне тіркелу және ақылы SMS- хабарламалар алуға жазылу – бұл ата-анаға баласының бағалары түскен журналға, күнделікті бағалар мен үй тапсырмаларына, сабақта болғаны және кешіккені, болмағаны туралы ақпараттарға қол жетімділікке ие болу.

Жүйеге тіркелу және рұқсатқа ие болу үшін (логин мен пароль) ата- анаға осы брошюраның соңындағы кестені толтырып, балаңыздың сынып жетекшісіне беру керек.

Сынып жетекшісі ата- ана туралы ақпаратты e- learni ngтің мәліметтер базасына енгізген соң ата- ана автоматты түрде электрондық оқыту жүйесіне пайдаланушысына айналады және өзінің жеке кабинетіне кіре алады.

 

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2018 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год