Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Ұялы телефон мен компьютер.

Қазіргі таңда техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Одан тиетін зияны да зор, әсіресе үнемі пайдаланатын болсақ. Дәрігерлер мен ғылыми мамандар электромагниттік сәуленің адам денсаулығына тигізетін зиянын терең зерттеп жатыр. Өзіміз бен жақындарымызды осы ғылыми-техникалық жетістіктің зиянды жақтарынан қалай қорғай аламыз? Электромагниттік сәуле біздің өмірімізге тек ғылымның дамуымен ғана келді деп ойлауға болмайды. Шын мәнісінде, оның үздіксіз әрі негізгі көзі біздің планетамыз болып табылады, бірақ ол табиғи болғандықтан, адам денсаулығына кері әсер етпейді, өйткені адам оған баяғыда үйреніп кеткен. Сөйте тұра электр беру желілері, үлкен антенналар, радио толқындарын ұстайтын құрылғылар жүз есе мықты электромагниттік өріске ие. Сондықтан да құрылыс нормативі мұндай нысандардың әлеуметтік және тұрғын үйлерге жақын орналасуына тыйым салады. Бірақ өріс деңгейі төмен құрылғылар да адам ағзасына зиян екендігін ұмытпауымыз керек, олар ағзаға ұзақ уақыт бойы әсер етеді. Бұл тұрмыстық техникалар, теледидар, ұялы телефон, компьютерлер. Сәлелену біздің ағзамызға қалай әсер етеді? Электромагниттік өріс адам оның көзіне жақын отырғанда ғана әсер етеді. Теледидарды қашықтан көрсеңіз, оның зияны жойылады. Телефонмен күнде, ұзақ уақыт бойы сөйлессеңіз зиянын тигізеді. Бір-екі минуттық қысқа сөйлесулер сіздің ағзаңызға зиянын тигізбейді. Электромагниттік өрістің ең зиянды түрі компьютер болып табылады. Біріншіден, жақын жерде отырып, біз онымен ұзақ уақыт бойы жұмыс істейміз, екіншіден, бұл құрылғы өрістің екі көзіне ие  – монитор және жүйелік блок. Әсіресе жұмыс орны тар әрі желдетілмейтін болса, онда адамдар мен компьютерлер көп болса келтірер зияны аса зор. Ескі үлгідегі мониторлар өте қауіпті болып саналады, өріс оның артында да, жанында да бар. Компьютерде ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген адам, өзін қатты шаршаңқы сезінеді. Ол ашуланшақ, күйгелек болып келеді, ұйқысы бұзылады, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, көзі жасаурайды. Бұлардың көбін біз шаршаңқылық немесе қандай да бір қиындықтың әсері деп білеміз. Бірақ себебі басқада... әсіресе тез сәулелену балаларда байқалады. Егер бала ұзақ уақыт бойы компьютер ойнаса, кенеттен ауруы асқынуы мүмкін, өңі ағарып, әлсіздік, улану белгілері пайда болып, шөлдеп, қалтырауы  мүмкін. Оны далаға шығарсаңыз 15 минуттан кейін бұл белгілер кетеді. Ноутбуктың өрісі аз, бірақ оны алдымызға алып жұмыс істегендіктен, ол өте маңызды мүшелерге әсер етеді. Электромагниттік өрістің үнемі әсер етуі иммунитеттің төмендеуіне, жүйке жүйесінің, эндокринді және жүрек-қан тамырлары жұмысының бұзылуына әкеп соғады. Бүгінгі таңда бұл адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Біз оны көре де, ұстай да, ести де, құшақтай да алмаймыз. Ссондықтан да көптеген адамадар бұл ақпаратты маңызды деп қабылдамайды.
Күшті электромагниттік өрістің үздіксіз әсері онкологиялық ауруларына, жадының, ақыл-ой қабілетінің төмендеуіне, бедеулікке, белсіздікке, хромосомалық мутацияға әкеп соғады. Егер әйел жүкті кезінде сәуле алса, туа біткен кемтарлық, түсік, баланың миының толық дамымауы мүмкін. Электромагнииік өріс психиканың өзгеруіне, Паркинсон және Альцгеймер ауруларының дамуына әкеп соғады. Сондықтан... ЭМӨ адам ағзасына зиянын азайту үшін бірнеше ережелерді сақтау керек: - бөлмені жиі жетдетіп тұрыңыз, техника бар бөлеге аса көңіл аударыңыз; - күнделікті таза ауада серуендеңіз, әсіресе ұзақ уақыт бойы компьютерде жұмыс істесеңіз; - күнделікті физикалық жұмысқа және белсенді демалысқа көңіл бөліңіз; - тек сапалы техниканы сатып алыңыз, танымал, қауіпсіздік сертификаты бар маркаларға көңіл бөліңіз ; - сұйық кристаллды мониторы бар компьютер алыңыз; - монитор мен жүйелік блокты өзіңізден алыс жерге қойыңыз; - жұмыста үзіліс жасаған кезіңізде, компьютерді сөндіріп қойыңыз; - монитордың бөлменің бұрышына орналастырыңыз. Осылай оның өрісі қабырғалардың әсерінен жойылады, компьютерді де, қорғаныс экранын да тұйықтаңыз; - үнемі үзіліс жасап тұрыңыз. Сағат сайын үстел басынан тұрып, бөлмені желдетіңіз; - микротолқынды пеш жұмыс істеп тұрғанда, оның қасында тұрмаңыз, бір-екі метр алыстап кетіңіз; -денсаулығымыз электромагниттік өрісті дұрыс пайдалануымызға байланысты екендігін есіңізден шығамаңыз. Өрістің әсерінен өзі мен жақындарын қорғау әркімнің өз қолында.
Ұялы телефонды азырақ қолданыңыз!!!: ұялы телефондар туралы дау баяғыдан келе жатыр, олардың саны үнемі артуда, қазіргі таңда сәннен күнделікті тауарға айналды. Ұялы телефонның адам ағзасына тигізетін зияны бар ма? Электромагниттік қауіпсіздік орталығы (Ресей, Мәскеу) жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде, антеннадан 5 см қашықтықта тығыздық деңгейінің күштілігі 7 Вт/см құрады, рұқсат етілген 100 мкВт/см мөлшерінен бірнеше мың есе және күн сәулесінің жылу ағынынан 100 есе асып түседі екен. Онымен қоймай телефонмен сөйлесу кезінде ол басқа өте жақын тұрады. 400 ден 1200 МГц дейінгі толқын ағыны миды сәулелендіреді. Ең қатты сәулеленуді адам 812 МГц жиілігінде әсер ететін ұялы телефоннан алады. Ал бұл кең тараған цифрлі стандарт. "Біздің зерттеулер бойынша, адам ұялы телефонмен сөйлескен кезде оның миы жергілікті қызады екен. Адам миында электромагниттік өрісті көп мөлшерде ала алатын бөлігі бар, соның әсерінен қызып кетеді. Мұны жануарларға жасалған тәжірибе де дәлелдеп шықты: сәулелендірудің жоғарғы жиіліктегі мөлшерін қолданған кезде, олардың миларында күйген бөліктер пайда болды.


Просмотров: 822

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год