Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


«Астана болашақ мекені»

Желтоқсан айының 9 жұлдызында 2 «А» сынып оқушылары арасында өткен «Астана болашақ мекені» атты сыныптан тыс макеттер сайыс сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: Сайыс сабақтың негізгі идеясы туған жерді сүю, қадірлеу екендігін ұғындыра отырып, оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызу, білім алуға талаптандыру. Оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу.Туған жерін,елін сүюге, табиғат әсемдігін таныта және қорғай білуге тәрбиелеу. 2 «А» сынып оқушылары мен ата – аналары, сынып жетекшісі Калиева М.Д сүйемелдеуімен «Астана болашақ мекені» атты сайыс ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттері кеңее түсті. Көптеген оқушылар қызығушылық танытып, сынып арасында топпен жарысып, өз жұмыстарына ерекше жауапкершілікпен қарады. Макеттер сайысы 5 бөлімнен тұрды. Оқушылар жұмыстарын таныстырып, ұрандарын айтып, Астана туралы бар білетін өлеңдерімен бөлісіп, бейне материал көрсетіп ,макеттерін ортаға әкеліп көрсетті. Ең үздік макет жасаған топ дипломдармен марапатталды. Ерекше талапқа сай жасалынған және ғылыми тұрғыда анықтама бере білген «Жалын» тобының оқушылары бас жүлдеге, қалған топтар I, ІІ, III орын дипломдарына ие болды. Әр оқушыға сыйлықтар таратылды.







Просмотров: 568

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год