Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


ОҚЫТУ МЕН БАҒАЛАУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА АТТЫ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ ӨТТІ



Бүгін, 2017 жылдың 15 сәуір күні  Астана қаласы Төлеген Айбергенов атындағы орта мектепте  «ОҚЫТУМЕН БАҒАЛАУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР:  ТЕОРИЯДАН ПРАКТИКАҒА»  атты семинар-практикумы өтті.

     Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің салмағы орасан зор.  Педагогика, технология  әлеміндегі  жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс-тәжірибеге пайдалану –заман талабы. Қазақстан Республикасында орта  білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту мен бағалау мәселелері бойынша бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізіліп отырған семинар соның дәлелі. Семинар бағдарламасына сәйкес 1-сынып мұғалімдері өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға республика бойынша мектеп директорлары мен бастауыш сынып мұғалімдері, Астана қаласы Білім басқармаснан Тортаева Балжан Калдановна, НЗМ-нен Жанна Байгаринова қатысты.

    1-сабақ.  1 «А» сыныбында  Жаратылыстану пәнінен өткізілді.Сынып жетекшісі Абдукаримова Шолпан Садыковна. Сабақтың оқыту мақсаты: Магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау, эксперимент жүргізу арқылы магниттің қасиетін зерттеу, түсіндіру. Оқушылардың   жан-жақтылығы, логикалық ой дәрежесі  жетілген,өз беттерімен практикалық жұмыс жасай алады,білім-білігі, сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасқан. Сабақта оқушылар жұмыстарын  қалыптастырушы және критериалды бағалады.  Сабақ  өмірмен байланыстырылып, оқушылардың танымдық қабілеті артты, сабақ ғылыми тұрғыда мазмұнды өтті.



2-сабақ. 1 «И» сыныбында қазақ тілі пәнінен мұғалім  Смагулова Айымгүл Баянтаевна өткізді.  "Тағамдар мен сусындар»  тарауы  бойынша  алған білімдерін,  меңгерген сөздерді әр түрлі жағдайда қолдана білу.Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқушылардың  пән бойынша  білім-білік дағдысы қалыптасқан. «Білім беру мен  білім  алудағы жаңа  тәсілдер» модулін  басшылыққа  ала отырып, диалог арқылы оқушыны қазақша сөйлеуге  жаттықтырды.   Топта, жұпта жұмыс істеп, білімді бірлесіп құру және түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алды. Сабақ барысында жүргізілген оқушы  мен  мұғалім,  оқушы  мен   оқушы  арасындағы  диалог өзіндік  нәтижесін берді. Берілген тапсырмалар бағдарлама талаптарына сай, оқушылар  өз беттерімен жеке  практикалық жұмыс жасай алды. Сабақта қалыптастырушы, критериялды бағалау болды. Мұғалім алдына қойған мақсатына жетті.

   


 3-сабақ. Оразай Саулегүл Оразаевна  1 «Б» қазақ сыныбында математикадан «Монеталар»  тақырыбы бойынша  сабақ өткізді.Оқыту мақсаты: Теңгелік монеталардың құнын түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы қымбат монетаны арзан монетадан ажырата білу. Монеталарды құны бойынша салыстыруға үйрету. Оқушылардың білім дағдылары бағдарламаға сәйкес қалыптасқан. Топтық жұмыс тиімді ұйымдастырылған.Әр топтың көшбасшылары теңгелік монеталардың құнын өмірмен байланыстыра білді. Оқушылар белсенді жұмыс атқарды.Мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін көрсете білді,алдына қойған мақсатына жетті.Осындай үлгідегі сабақтар жалғасын тапсын.



4- сабақ. Дүниетану пәнінен 1 «Ә» сыныбында Тукаева Айтжан Теменовна  «Денсаулық пен қауіпсіздік» бөлімшесіндегі  «Дәмді әрі пайдалы» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.  Сабақтың табыс критерийі:  дұрыс тамақтану туралы айтады; дұрыс тамақтану ережесін құрастырады; Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін айтып береді.   Сабақ  сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан басталып, жеке, жұппен, топпен оқыту формалары, оқушылардың барлығын оқуға қатыстыратын түрлі әдіс-тәсілдер ұтымды қолданылды.  Бағалау критерийі беріліп, оқушының оқу мақсатына жетуін бағалау үшін  өте сәтті пайдаланылды. Оңтайлы кері байланыс ұсынылды. Оқушылар  сабақта үлкен іждаһаттылықпен жұмыс жасап, қызығушылық танытып, тамаша белсенділік көрсетті.


 5-сабақ. «Оқытудың мен бағалаудағы жаңа тәсілдері: теориядан тәжірибеге» семинар практикумын 1 «А» сынып оқушыларымен Жанмухамбетова Динара Базарбаевна ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты оқушыларды орыс тілінде сөйлем құрастырту. Көкөніс пен жеміс-жидектерді ажыратып, оларды сипаттау. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындалды. Оқушылар өте жақсы деңгейде орындай алды. Сабақта тапсырмалар орындау барысында, оқушылар кретериалды бағалау қолданып бір-бірін бағалады. Сабақққа қатысқан мұғалімдер жақсы әсер алып, көңілді болды.






Просмотров: 661

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год