Бүгін, ақпанның 14-і №16 орта мектепте «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ұлы көсемі» атты әдеби – музыкалық кеш болып өтті.Кештің мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан дәріптеу, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру. Ахмет Байтұрсыновтың адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, ұлтжандылыққа, адами қасиеттерге тәрбиелеу. Кешке 6-8 сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдері мен аудармаларын, ұстаздар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ұлтының дамуына қосқан еңбегін дәріптеді.