Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


XIII-XVғғ.І-жартысындағы Қазақстан бөлім. Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтер

Астана қаласында 27-ші ақпан 2018 жылы «Рухани жаңғыру» аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайында тарих пәні мұғалімі Канлыбаева Жазира Ибрайымқызы 7 «А» сынып оқушыларымен сабақ өткізді. Тақырыбы: XIII-XVғғ.І-жартысындағы Қазақстан бөлім. Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері. Мақсаты: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтайды, көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау, шетелдік саяхатшылар туралы біледі.Бірқатар деректерден дәлелді ой-пікір түйіп, қорытынды жасай алу. Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтайды.

Топтық жұмыс ұйымдастырылды. Әр топ белгіленген аспектілер бойынша саяхатшылар қалдырып кеткен ақпараттарды зерттейді.

1 топ – Шаруашылық

2 топ – Қолданбалы өнер

3 топ – Салт -дәстүр

4 топ - Сәулет өнері.

Топтар жұмыстарды қорғайды. Бірін-бірі критерий бойынша бағалайды. Оқушылар саяхатшылардың зерттеулері арқылы орта ғасырдағы Қазақстан мәдениетін, шаруашылық пен салт-дәстүр, қолданбалы өнерді көрсетті. Әр топтан бір оқушы саяхатшының кейпіне еніп, өзінің зерттеген аспектісі бойынша қорытындылар шығарды, өз елінің билеушісіне есеп бергенін елестеп көріңіз деп ролдік ойын ұйымдастыруға тапсырма берді. Деректерді талдай отырып, авторын және оның шығу жағдайын анықтады.Әр саяхатшы жинаған ақпараттары негізінде өз елдерінің «билеушілеріне» есеп берді. Көшті көреді, қала, сауда, базарды көрсетеді,қолдан жасаған еңбек құралдары, киіз үйге кіру және т.б. оқушылар деректер арқылы өзіндік импровизациян көрсете білді. Оқушыларға өте қатты ұнады сабақ өз мақсатына жетті.




Просмотров: 771

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год