2018 жылдың 15 қарашасында Астана қаласындағы Б.Момышұлы атындағы оқушылар сарайында мектеп оқушыларымен, ата-аналармен «Дүние дидарындағы Димаш» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Светлана және Қанат Айтбаевтар қатысты. Көптен күткен кездесуде оқушылар мен ата-аналар өздері қызыққан сұрақтарға жауап алды. Димаштың талантты болып өсуіне ата-ананың берген тәрбиесі де ықпал еткенінің куәсі болды. №16 Т.Айбергенов мектебінің де ата-аналары бұл кездесуден қалыс қалмады, ата-аналар ұйымынан Акшораева Р.О. қатыст